Тәулік ішінде Brent маркалы мұнай $4 арзандады.
Brent маркалы мұнай бағасы баррелі үшін $82 болды. Астана уақыты бойынша сағат 9:30-да желтоқсан айындағы шикізат фьючерстері барреліне $81,58-ден сатылды. Бір тәулік бұрын қара алтынның құны баррелі үшін $85-дан асып тұрды.
Халықаралық валюта қоры 2019 жылы әлемдік экономиканың құлдырауын болжады. Осы болжам мұнай бағасының төмендеуіне әсер етті.
Әлемдік экономика АҚШ-тың басқа елдермен сауда соғыстары себебінен құлдырап жатыр.
ХВҚ болжамы бойынша, мұнай бағасы барреліне $68 дейін төмендейді.
Сауд Арабиясы мен ОПЕК+ қатысушы елдері мұнай өндіруді екі есеге ұлғайтты. Бұл жайт та мұнай бағасына өз әсерін береді.
Дереккөз: 7kun.kz