Атырау, 29 қараша 14:37
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Басы дауға қалған Бретт Кавано АҚШ Жоғарғы Сотының судьясы болды

917 просмотра


Бретт Кавано АҚШ Жоғары сотының судьясы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Зорлық көрсетті деген айыппен басы дауға қалған Кавано ақыры жоғары лауазымға қолын жеткізді. Дональд Трамптың қатысуымен Ақ үйде ант қабылдау рәсімі өтті.  

Дональд Трамп, АҚШ Президенті: 

– Бретт мырза мен оның отбасы осы бір қиындықтарды басынан өткергені үшін елдің атынан кешірім сұрағым келеді. Кінәсі толығымен дәлелденбейінше, адам айыпты деп саналмауы керек. 

Ал Сенаттың Каваноны Жоғары сот судьясы қызметіне бекітетіні беймәлім еді. Оған қыркүйек айында тағылған қылмыстық айып себеп болды. Психология профессоры Кристин Форд осыдан 36 жыл бұрын Кавано зорлауға талпынды деген шағым түсірген. 

Бұдан бөлек, тағы екі әйел арызданды. Федералдық қауіпсіздік қызметі тергеу амалдарын бастады, ал судья Сенат алдында өз-өзін ақтап, бұл тергеудің астарында саяси ықпалдың барын түсіндіріп бақты. Яғни Каваноның кандидатурасын Дональд Трамптың өзі ұсынғандықтан, демократтар оны қудалай бастады. 

Ақыр соңында Кавано жоғары лауазымға тағайындалды: Сенаттың 48 мүшесі қарсылық танытқанымен, 50-і қолдау білдірді.

Дереккөз: 24.kz

11 қазан 2018, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.