Атырау, 29 қараша 14:39
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ирактың ең сұлу аруын аяусыз атып өлтірді – қастандықтың видеосы

Бейнежазба
1 569 просмотра


"Бағдад аруы – 2014" сұлулық байқауының жеңімпазын "батыстық өмір салты" үшін атып өлтірді. Ирак моделі Тара Фаресті Бағдадтағы діни радикалдар атып өлтірді, қастандық жасалған сәт бақылау камерасына түсіп қалған. 

Көпшілік "Ирак Барбиі" деп атап кеткен модельді Porsche көлігінде атып кеткен. Кадрларда көрінгендей, қылмыскер мотоциклге мініп келді де, оқ атты.

The Sun басылымы жазғандай, 22 жастағы қыз "батыстық өмір салтын" ұстанатындықтан, радикал исламистер бұрыннан тісін қайрап жүрген еді. Ажалынан біраз күн бұрын фанаттарына біреулердің "Құдай үшін" өлтіріп кетуінен қорқатынын айтқан болатын.

Тара Фарестің Instagram парақшасында 2,8 миллион адам жазылған. Ол еуропалық киімдегі суреттерін жариялап, қолында тату барын көрсеткен.

2018 жылы жазда Иранда 18 жастағы Маэдэ Ходжабри құштарлыққа толы биінің видеосын Желіге салғаны үшін қамауға алынған.


Дереккөз: sputniknews.kz

10 қазан 2018, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.