Бразилияда президенттік сайлаудың бірінші кезеңі аяқталды. Жоғарғы сайлау сотының мәліметіне сәйкес, Социал-либералды партиясының үміткері Жаир Болсонару ең көп дауыс жинап отыр.
Оған халықтың 47 пайызы қолдау білдірген. Екінші орында 29 пайыз дауыспен Фернанду Аддад тұр. Осылайша, екеуі де 28 қазанда өтетін президенттік сайлаудың екінші кезеңіне өтті.
Айта кетері, сайлау барысында заңбұзушылықтар да анықталды. Салдарынан шамамен 180 адам тұтқындалды.
Дереккөз: 24.kz