Атырау, 10 қазан 00:40
 дождьВ Атырау +16
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​Дана Уайт: Хабиб АҚШ-қа енді кіре алмайды

1 699 рет қаралды


UFC ұйымының президенті Дана Уайт UFC-229 турнирінен кейін берген сұқбатында ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедовке АҚШ-қа виза берілмейтінін айтты.

– Жігіттерге (Зубайра, Махачев және Нурмагомедов - авт.) АҚШ-қа ендігі жол жоқ. Оларға виза берілмейді, – деді Дана Уайт. 

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Конор Макргегорға қарсы өткен жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңген болатын. 

Алайда жекпе-жек аяқтала салысымен ирландиялық спортшының командасына жұдырық ала жүгірген Хабиб Нурмагомедовке чемпиондық белбеу берілген жоқ. Ресейлік спортшы уақытша жекпе-жектерден шеттетілуі әбден мүмкін.

Дереккөз: 24.kz

9 қазан 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.