Америкалық экономистер Пол Ромер мен Уильям Нордхаусқа макроэкономикаға ұзақ мерзімдік талдау жасауға климаттың өзгеруі мен технологиялық инновацияны кіріктіргені үшін дүниежүзілік Нобель сыйлығы берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Швецияның корольдік ғылыми академиясы жанындағы Нобель комитеті 8-қазанда жариялады.
Пол Ромер технологиялық инновациялардың ұзақ мерзімдік талдауын жасаса, екінші ғалым Уильям Нордхаус климаттың өзгерісін зерттеген.
Дереккөз: Baq.kz