Атырау, 14 қаңтар 20:03
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Адвокат Роналдудың тағы бір әйелді зорлағаны туралы айтты

1 810 рет қаралды

Криштиану Роналду мен Кэтрин Майорга. © Medium
Адвокат Лесли Стовалл америкалық Кэтрин Майорга "Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудан зардап шеккен жалғыз әйел емесін айтады, - деп хабарлайды Daily Mail

"Осындай жағдайға түскенін айтып, қоңырау шалған тағы бір әйел бар", - дейді Стовалл. 

Адвокат зардап шеккен екінші әйелдің атын айтпады. Алайда ол әйел футболшыдан зорлық көргені туралы Лас-Вегас полициясына ақпарат беретінін айтты. 28 қыркүйекте Майорга алғаш рет ресми түрде Роналдуды айыптады. Бұл оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған-мыс. 

Әйелдің айтуынша, спортшы кейін оған өтемақы ретінде 375 мың доллар төлеген. Роналду бұл айыптауларды мойындамады және онымен соттаспақ. Майоргамен соттасу кезінде футболшы Португалия құрамасының алдағы матчтеріне қатыса алмайды.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 қазан 2018, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.