Атырау, 2 мамыр 22:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

​Нидерландтағы халықаралық ұйымға кибершабуыл жасалмақ болған

1 764 рет қаралды


Нидерланд билігі сәуір айында Ресейдің 4 азаматын елден шығарғанын мәлімдеді. Олар осы елдегі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына кибершабуыл жасап, оның Wi-Fi желісіне кірмек болған. 

Заңсыз операцияны Ресейдің бас барлау басқармасы ұйымдастырған-мыс. 

Еске сала кетейік, биыл жыл басында Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Солсбери қаласында Скрипальдарға жасалған қастандық пен Сириядағы химиялық шабуылды тергеуге жұмылдырылған еді. 

Қыркүйек айында ақпарат құралдары Нидерландта 2 ресейлік тыңшы ұсталып, елден шығарылды деген ақпарат таратқан. Ол жолы күдіктілер Швейцариядағы әскери зертханаға кибершабуыл жасауды ойластырды делінген.

Дереккөз: 24.kz

5 қазан 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.