Малайзия соты елдің бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың әйелі Розма Мансурға мемлекет қаржысын жымқырып, салықтан жалтарды деген айып тақты.
Алайда Розма Мансур оны мойындаудан бас тартып, сот отырысынан кейін кепілдікпен еркіндікке шықты. Еске сала кетейік, тамыздың басында Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разакқа мемлекет қаржысын жымқырып, лаңкестікті қаржыландырды және заңсыз кәсіппен айналысты деген айып тағылған.
Тергеушілер қаржы SRC International мемлекеттік қорынан ұрланып, экс-премьердің жеке есепшотына аударылған деп отыр. Егер айыптар дәлелденсе, ол 45 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекетке келтірген 10 миллион доллар шығынды 5 есе артық көлемде өтеуге міндеттеледі.
Дереккөз: 24.kz