Атырау, 29 қараша 15:24
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Лондон әлемдегі кибершабуылдарға ГРУ-ды айыптады

1 876 просмотра


Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ресей әскери барлау қызметін (ГРУ) әлемде "бей-берекет және аңдамай" кибершабуылдар ұйымдастырды деп ресми түрде айыптады.

Министрлік сайтында жарияланған мәлімдемеде Ұлыбританияның киберқауіпсіздік жөніндегі ұлттық орталығы хакерлік топтардың "саяси институттар, бизнес, БАҚ пен спорт ұйымдарына" жасаған кибершабуылдарының артында шын мәнінде ГРУ тұр деген тұжырым жасағаны айтылады.

Ұлыбритания СІМ Ресей барлауы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік, АҚШ Демократиялық партиясы, британдық БАҚ, Украинаның транспорт желілеріне кибершабуыл жасады дейді. Министрлік кибершабуыл "демократияны шайқалту" мақсатымен жасалғанын айтады. Құжатта ГРУ-мен байланысы бар делінген он шақты хакерлік топ аталады.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джереми Хант кибершабуылдар халықаралық құқықты өрескел бұзатынын айтады. Британ арнайы қызметі бұл кибершабуылдарға Ресей билігі, әсіресе Кремль жауапты деп санайды.

Ханттың сөзінше, Ұлыбритания мен оның одақтастары кибершабуылмен күрес шараларын қабылдап, ГРУ-дың халықаралық тұрақтылықты шайқалту әрекетіне жауап береді.

Дереккөз: azattyq.org

4 қазан 2018, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.