Судан астанасы Хартум әуежайында әскери әуе күштерінің екі тікұшағы соқтығысып қалды. Алдын ала болжам бойынша оқыс оқиға ұшып қону жолағында болды.
Әуе көлігінің бірі жерге қонған кезде екінші ұшаққа жетіп артынан соғылған. Абырой болғанда бортта болғандардың барлығы аман. Апатқа байланысты жергілікке билікке әуежайды уақытша жабуға тура келді.
Мамандардың айтуынша, соғылған ұшақтың бірі жөндеуге келмейді. Бұл ұшақ аэротүсірілім мен жүк тасымалдау үшін қолданылған екен.
Дереккөз: 24.kz