Атырау, 29 қараша 15:28
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ЕО ауаға көмірқышқыл газын бөлуді қысқартатын заңды қабылдады

1 961 просмотра


Еуропалық парламент 2030 жылға дейін көліктер мен коммуналдық өнеркәсіптердің көмірқышқыл газын шығаруын 40 пайызға азайту туралы заң жобасын қабылдады. 

Құжатта сондай-ақ, көліктердің осы зиянды қалдықты шығаруын жолда тексеру де қамтылған. Мұндай тәртіп 2023-ші жылға дейін дайындалып бітуі тиіс. 

Айта кетейік, Еуропалық комиссия бұған дейін көміртегі дикосидін шығаруды тек 30 процентке азайтуды ұсынған. Еуропалық көлік шығарушы компаниялар қауымдастығы болса зиянды газды тек 20 процентке қысқартуды қолдаған еді. Сарапшылардың айтуынша, жаңа заң Еуропада электрмобиль өндірісінің күрт өсіп, дизельді көліктерді шығарудың азаюына әкеледі деп отыр. 

Ал қазір Еуропаның көп елінде барлық көлік құралының тең жартысын дизельді көліктер мен автобустар.

Дереккөз: 24.kz

4 қазан 2018, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.