Атырау, 18 желтоқсан 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.31
€ 603.03
₽ 6.40

​Польшалық полицейлер жалақы көтеруді талап етті

1 260 рет қаралды


Польшада 20 мыңнан аса қауіпсіздік органы қызметкерлері наразылық шарасына шықты. Варшаваның орталық көшесімен жүріп өткен ереуілшілер еңбек шартын жақсартып, жалақыны көтеруді талап етіп отыр. 

Одан бөлек арнайы акция да ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері бірнеше апта бойы жол ережесін бұзған жүргізушілерге айыппұл салмай ескерту ғана жасап отырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл акция бюджетке түскетін қаржы көлемін қысқартуға бағытталған. 

Сол арқылы үкіметтің назарын қауіпсіздік саласындағы қаражат тапшылығына аудармақ болған. Кәсіподақ сайтының мәліметінше, осы саладағы жоғары шенділер айына 1000 еуро жалақы алады екен. Ал тәжірибесі аз мамандар екі есе төмен нәпақа табады. Өрт сөндіру қызметкерлерінің де айлық табысы осындай.

Наразылық шарасына қатысушылар өз шарттары жазылған тізімді президент әкімшілігіне жіберді. Польшадағы бұл ереуілдер 21 қазан күні өтетін сайлау алдында ұйымдастырылып отыр.  

Станислав Коньюши, полиция кәсіподағының өкілі: 

- Жағдай шынымен де қиын. Күн өткен сайын бұл мамандықты таңдайтындар саны азайып келеді. Бірде-бір қауіпсіздік органы жаңа маман тартуға қауқарсыз. Ал тәжірибелі, білікті мамандар жалақының аздығынан жұмыстан шығып жатыр. 

Дариуш Войцещак, өрт сөндіруші: 

- Егер премьер-министр айтқандай, жағдайымыз жақсы болса, ел экономикасы өсіп жатса, біздің айлығымызды неге көтермейді? Бізді үкімет неге ұмытып кетті?

Дереккөз: 24.kz

3 қазан 2018, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.