Атырау, 17 желтоқсан 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Мәскеуде Украина экс-министрі ұсталды

1 378 рет қаралды


Мәскеуде Украина экс-министрі Николай Рудьковский ұсталды. Мәскеу қалалық жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, қазан айының 1-і күні Киевтегі Ресей елшілігіне тас лақтырған Украинаның экс-көлік министрі Николай Рудьковский қамауға алынған. 

Оған бұған дейін Басман аудандық соты сырттай қамауға алу жөнінде үкім шығарған. Бұған дейін сәуір айында Рудьковскийді БАӘ құқық қорғау органдары жалған құжат жасады деген айыппен 20 күнге қамауға алған. 

Кейіннен ол босатылып, елден аластатылған. Рудковьский 2006-2007 жылдары Украинаның көлік министрі қызметін атқарған. 

Оның үстінен Ресей тергеу комитеті 2016 жылдың мамыр айында қылмыстық іс қозғаған. Кейіннен Мәскеу қаласының Басман аудандық соты сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарған. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"

2 қазан 2018, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.