Атырау, 24 қараша 16:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бейбітшілік. Еңбек. Зона

1 843 просмотра

Облыстық прокуратура бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша брифинг өткізді. Онда қылмыстық-түзету жүйесін қадағалауға қатысты қызықты жайттар айтылды.

– Осы уақыт ішінде қызметкерлер жасаған үш қылмыс тіркелді, - деп хабарлады арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Жәнібек ҚҰБЕКЕНОВ. – Бақылаушылардың бірі тергеу изоляторына марихуана мен гашиш салынған екі түйіншекті алып өтпек болған. Бірақ оны ІІД ішкі қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады. Іс бойынша айыптау үкімі шығарылып, 10 жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушылардың өздері жыл басынан бері 200-дей құқық бұзушылық жасады. Олардың басым бөлігі ішкі тәртіп ережелерін сақтамауға байланысты. Махамбет АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторында мамыр айында туған бауырын өлтірді деп күдіктелген ер адам асылып қалды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде17 ұялы байланыс сигналдарын тұншықтырғыш анықталды (10-ы 66-колонияда, 4-уі тергеу изоляторында және 3-уі әйелдер колониясында).

Прокурорлар сотталушылардың жартысына жуығын пайдалы еңбекпен қамтуға қол жеткізілгенін мақтанышпен жеткізді. Әйелдер колониясында тігін цехында қосымша 15 орын ашылған, ерлер колониясында 45 адам жөндеу жұмыстарына тартылған, жұмыс жасап жатқан цехтар кеңеюде. Рас, тексеру кезінде 111 сотталушыға еңбекақылары төленбегені және 2 млн теңгеден астам мөлшерде бережақ жиналып қалғаны анықталды.

– Қарыздың қоныс колониясының бастығы Бауыржан ДӘУІТӘЛИЕВТІҢ тұтқындалуына (ол пара алды деп айыпталған болатын) байланысты жиналып қалғандығы анықталды. Бірінші басшы болмағандықтан есеп бөлімі банк құжаттарын өткізе алмаған. Қазіргі кезде бұл мәселе шешілді, бережақ толығымен өтелді, - деп атап өтті Атырау облыстық прокурорының аға көмекшісі Бауыржан ЕҢСЕГЕНОВ.

Басқа полиция бөлімшелеріне келер болсақ, өткен аптада күш жұмсау арқылы қызметтік өкілдігін асыра пайдаланды деп айыпталған учаскелік инспекторға үкім шығарылды. Түнгі уақытта жұмыс кезінде мас күйде болған ол зақымдау тапаншасынан бірнеше оқ атқан. Бұл қаланың қақ ортасында Азаттық даңғылы бойында орын алған. Бағына қарай, ешкім де жапа шеккен жоқ. Инспекторға 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 тамыз 2012, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.