Атырау, 19 мамыр 14:34
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Сербия мен Косово арасындағы шиеленіс өршуде

1 300 просмотра


Еуроодақ Сербия мен Косово елдерін ымыраға келуге шақырды. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше сағат бұрын Сербия президенті Александр Вучич ел әскеріне жауынгерлік әзірлікте болуға бұйрық берген болатын. 

Кеше 60 шақты косоволық арнайы жасағы Газиводский көліне жақындағаннан соң, екі ел шекарасындағы ахуал күрт шиеленісіп кетті. Өйткені бұл жерде орналасқан су электр станциясы Косовада орналасқанымен, Сербияның энергетика жүйесіне кіреді. 

Косово және Метохия жөніндегі канцелярияның директоры Марко Джуричтің айтуы бойынша, әскерилер жолда кездескен адамдардың барлығын қамауға алып, сондай-ақ экология орталығында болған сербтерді тұтқындаған. Бірақ бұны Зубин-Поток қаласының өкілдері жоққа шығарып отыр. 

Айта кеткен жөн, Косово 2008 жылы тәуелсіздігін жариялады,бірақ көршілес ел оны мойындамай отыр.

Дереккөз: 24.kz

1 қазан 2018, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.