Атырау, 29 қаңтар 21:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61

​Сирия босқындарды қабылдауға дайын

1 899 рет қаралды


Сирия елге ораламын деуші босқындарды қабылдауға дайын. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем хабарлады. 

Оның айтуынша, лаңкестікпен күрес нәтижесінде елдегі ахуал біраз тұрақталған. Ел үкіметі содырлар қиратып кеткен ғимараттарды қалпына келу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Сондай-ақ Сирия билігі әлем қауымдастығынан босқындардың қайта оралуына қолғабыс етіп, қаражат бөлуді сұрады. Алайда АҚШ пен Еуроодақ елдері Сирияға көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. 

Валид аль-Муаллем, Сирияның Сыртқы істер министрі: 

- Сирия әрі қарай дамып, лаңкестікпен күресті жалғастыруға дайын. Билік мемлекетті көркейтуге білек сыбана кірісіп кетті. Осы орайда лаңкестікке қарсы елдер мен халықаралық ұйымдар көмек қолын созады деп үміттенемін.

Дереккөз: 24.kz

1 қазан 2018, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.