Атырау, 16 сәуір 16:43
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Зорлықшы әлеуметтік желі арқылы бопсалаған

3 615 просмотра


Атырауда сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп күдіктелген 24 жастағы қала тұрғыны М. ұсталды. Оның құрбанына айналған нәзік жандылар, соның ішінде, жас қыздар әлеуметтік желілерде онымен интимдік хаттар жазысып тұрған.

Анықталғандай, М. әлеуметтік желілер арқылы әйелдермен танысып,  кейбірінен олардың ашық суреттерін алып отырған. Кейін өзімен жыныстық қатынасқа түспесе, интернетте жазысқан хаттары мен суретерін жариялайтынын айтып, бопсалай бастаған. Оңбағанның ойлағаны орындалады: бір жыл бойы бірнеше құрбанын пайдаланған, олардың арасында 18 жасар студент пен 15 жасар оқушы қыз да болған. Осы қыздар ата-аналарына бәрін айтуды ұйғарған, ал олар полицияға шағымданыпты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және осы баптың 3-тармағының 3-тармақшасы (көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергелуші тергеу абақтысына қамалды.

Фархат ӘБІЛОВ

30 қыркүйек 2018, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.