Атырау, 24 қараша 16:30
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көлік көптің талқысына түсті

2 726 просмотра

Жолақысының қымбаттауымен қатар қоғамдық көліктегі қызмет сапасы неліктен жақсармай отыр? Осы мәселе қалалық әкімдікте өткен мәжілісте талқыланды.

МАРШРУТТАҒЫ ҚҰПИЯ

Қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Руслан БАСАРДЫҢайтуынша, қазір 33 қалалық маршрутта 318 көлік (өткен жылы 432) қызмет көрсетуде, оның 171-і автобус және 147-сі «Газельдер».

Автобустар санының биылғы жылы азаюын Басар жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектердің бағасының өсуімен түсіндірді, өйткені, осы себептерге орай көптеген ұсақ тасымалдаушылар техникаларын сатып жіберді немесе өз көлікжайларына қойып қойған. Демек, шілдедегі жолақысының қымбаттауынан кейін олар көліктерін қайтадан маршруттарға қоспақ.

Тасымалдаушылар тізімі мынадай: «Батыс Транспорт-СИМ» ЖШС (ең ірі, барлық негізгі маршруттарда 100 автобус), «Әнуарбек Транс» ЖШС (№59, 62 маршруттар), «ЖайықСтройСервис» ЖШС (№5), «Данияр и К» ЖШС (№53, 60), «Атырау Такси» ЖШС (№7), «Айдан и К» ЖШС (№52, 54), «Баймұханов» ЖК (№51, 11), «Қағазов» ЖК (№18, 55). «Батыс Транспорт-СИМ» маршруттарда өзінің жеке автобустарымен қызмет көрсетеді. Оларды парк таяу 3 жылда жаңартып отыруды жоспарлауда; қалғандары, әдетте, жалданбалы жүргізушілері бар жеке микроавтобустарды тартады. Дегенмен, қалалық ТКШ бөліміне және облыс әкімінің блогына көптеген шағымдар түскен, олардың көпшілігі автобус салондарының нашар жағдайы (мәселен мәжілісте әбден жыртылып, бүлінген жолаушылар отыратын орындықтың суреттері көрсетілді), кондукторлардың арсыздығын (олардың барлығы да бейджик тақпаған, сондықтан да кімге шағымданатыныңды да білмейсің) атап өткен. Автобустарда қозғалыс сызбасы, халыққа көрсетілетін жеңілдіктер тізбесі ілінбеген. Жүргізушілердің жұмыс уақыты бітпестен ерте кетіп қалатын жағдайлары да жиі орын алады. Оқу кезінде мектеп оқушыларынан жолақысын талап етеді. Ал, «Газельдердің» адамдарды нормадан тыс тиеп алуы бөлек бір мәселе. Қалалық әкімдік қызметкерлері жақында ғана жүргізген тексеру барысында қалалықтардың шағымдарының орынды екендігіне көз жеткізді.

ҚАРАҚАЛПАҚТАР ЖАЛҚАУ ЕМЕС ЕДІ

Тасымалдаушылар айтылған сынға жауап ретінде тағы да кінәні қосалқы бөлшектердің қымбатшылығы және автобустар мен жүргізушілердің жетіспеушілігіне арта салды:

– Бұрын біз еңбек мигранттарын - қарақалпақтарды жұмысқа тарттық, олар автобустарды жөндеп, маршрутта жақсы жұмыс жасады. Бірақ, кейін бізге олармен жұмыс жасауға мүлдем тыйым салды, ал жергіліктілер автобусты жөндеуден қашады.

– Сіздер тендерді ұтып алмап па едіңіздер, соған сәйкес микроавтобустардың автопаркі мен жүргізушілер штатын да алған жоқсыздар ма?! Енді келіп, олар жоқ деп отырсыздар. Қарабатанда қысқарту жүріп жатыр, жүргізушілерді дайындайтын курстар бар, сондықтан да жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыздар, - деп ашуланды қала әкімі Асқар КЕРІМОВ.

Қала маңындағы маршруттардың бірінде қызмет көрсететін көлік тасымалдаушылардың бірі мына бір қызық жайды ортаға салды, ол адамдардың оның «Газелін» күтпей (шамасы сирек жүретін болуы керек) таксиге отыратындығына шағымданды. Такси адам басынан 50 теңгеден алады. Тасымалдаушы қалалық әкімдіктен ондай таксилердің жүруіне тыйым салу керектігін талап етті. Естеріңізге сала кетейін, кейбір қала маңынан жүретін маршруттардың жолақысы 100 теңгеге дейін барады.

«Данияр и К» ЖШС директоры Лариса УЛЬЧЁНКОВАНЫҢ ескертулері барынша маңызды болды. Кейбір жасырын жеке «Газельдері» бар адамдар маршруттарға кіріп алып, адамдарды заңсыз таситын көрінеді. Әрине, бұл істің тек «Данияр и К» маршруттарымен шектеліп қана қалуы мүмкін емес.

– Сіз істің мән-жайы тарифте деп сендірген едіңіз – біз оны көтердік, бірақ одан пайда болған жоқ. Міне, сіздердің жұмыстарыңызға қатысты шағым жетерлік. №59 автобусты осы бағыттағы жүріп жүрген 6-7 автобустың болғанына қарамастан бір сағат бойына күтуге тура келгендігін жазады. Алмагүл ықшам ауданының тұрғындары қиналуда, ал, олардың басым бөлігі бюджеттік мекемелер қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер, - деп талдап өтті А.Керімов. – Кондукторлардың үстінен түскен шағым көп. Олар жолаушылармен неліктен дұрыс сөйлесе алмайды? Әлде сіздерге кешке ақшасын тапсырса болғаны ма?! Барлық кондукторларға фамилиясы жазылған бейджиктерді беру үшін он күн мерзім беремін. Руслан Басарға ТКШ транспорт бөлімінің штатын көбейтуге (бүгінгі күні онда 2 қызметкер ғана жұмыс жасайды, оның бірі бөлім бастығы) тапсырма беремін. Осы бөлімнің қазіргі бастығы Қуаныш ИБРАГИМОВТІ ауыстыру керек! Оның бұл орында отырғанына 10 жылдан асты және тасымалдаушылармен біте қайнасып кетті. Сондықтан да жұмыста нәтиже жоқ.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

 

АЙТПАҚШЫ: «Батыс Транспорт-СИМ» ЖШС кузов цехының базасында орындықтарды қаптап жөндейтін кабинет ашылды. Цех шебері Иса ХАСАНОВТЫҢ айтуынша, көп орынды «Хёндай» автобустарының Атырауда қолданылғанына 4 жыл болды. Олардың көбінің орындықтары жыртылып, жұлмасы шыққан, жазылып-сызылып қалған. Шеберге оны түгелімен ауыстыруға - орындықтың негізі тақталарды поролонды губкамен орап, резіңке материалмен қаптауға тура келеді. Күніне 3-4 орындықты жөндеуге мүмкіндік бар. Жыл аяғына дейін тасымалдаушы барлық «Хёндай» автобустарындағы орындықтардың қабын ауыстыруды жоспарлап отыр

1 тамыз 2012, 21:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.