Атырау, 7 қаңтар 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 512.83
€ 600.58
₽ 6.36

Арзан картоп екі есе көбеймек

2 810 рет қаралды


Өткен қыс пен көктемде Атырау облысының тұрғындарына жергілікті тұрақтандыру қорынан шамамен мың тоннадай көкөніс сатылды. Алдағы күзгі-көктемгі кезеңде көкөністерді былтырғыға қарағанда үштен бір есеге көп сатып алу жоспарланып отыр. Ал картоп көлемі 2 есеге дейін көбейеді , - деді «Атырау ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Амантай АЙТБАЕВ.

А.Айтбаевтың айтуынша, барлық өнім: 1207 тонна картоп, 115 тонна пияз, 100 тонна сәбіз, 111,2 тонна қырыққабат бір жеткізушіден - Махамбет ауданындағы «Агро Феликс» шаруа қожалығынан сатып алынады.

Қыс басталғанда «әлеуметтік» азық-түлік өнімдеріне (көкөністерден басқа - ұн, жармалар, қант, жұмыртқа, күнбағыс майы және т.б.) баға белгілейтін тұрақтандыру қорының комиссия отырысы өтеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қыркүйек 2018, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.