Еуропалық Одақ АҚШ-тың санкциясына қарамастан Иранмен есептесу жүйесін құратын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Келешекте оған өзге елдер де қосыла алады. Бұл туралы Еуороодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғары комиссары Федерика Могерини БҰҰ Бас ассамлеясы шеңберінде ұйымдастырылған Сирияға қатысты кездесуде мәлімдеді. Могеринидің айтуынша, бұл Одаққа мүше елдердің Иранмен қаржылық операцияларын жүргізу үшін қажет. Ол сондай-ақ мұнаймен айналысатын еуропалық компаниялардың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Еске сала кетейік, Еуропалық Одақ тамыздың 7-сі күні АҚШ-тың Иранға салған санкциялары осы ортақ аймақ аумағында күші жоқ екенін мәлімдеген еді.
Федерика Могерини, Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы комиссары:
- Кездесуге қатысушылардың барлығы Иран экспорты үшін есеп айырысу туралы жаңа жүйені құруға келісті. Бұл Иранмен заңды кәсіп жүргізіп отырған қаржылық институттар мен компаниялардың мүдделерін қорғау үшін қажет.
Дереккөз: 24.kz