Атырау, 29 қараша 16:55
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Вашингтон Иран банктеріне қайтадан санкция салмақ

1 445 просмотра


АҚШ қарашаның басында Иранның Орталық және бірқатар банкіне қайтадан санкция жарияламақ, деп хабарлайды «Хабар 24». Құрама Штаттар қаржы министрінің көмекшісі Маршалл Биллингсли осылай деді. 

Дәлірек айтқанда, энергетикалық сектор, тауар тасымалы, Иранның Орталық банкімен операция жүргізетін қаржы институттары мен елдің бірқатар банкіне санкция жарияланбақ. Биллингслидің айтуынша, қазір Иранның ұлттық валютасы құлдырау үстінде. 

«Бұған Ақ үй салған санкциялар мен елді жайлаған жемқорлық себеп»,- дейді саясаткер. 

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айында Вашингтонның Иран ядролық келісімінен шығатынын мәлім еткен болатын. Сондай-ақ ол Иранға қайтадан санкция енгізілетінін басып айтты. Дегенмен Ресей, Ұлыбритания, Қытай, Франция және Германия Трамптың бұл шешіміне қарсы екендерін білдірді.

Дереккөз: 24.kz

28 қыркүйек 2018, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.