Атырау, 27 сәуір 07:45
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Алмагүлдегі «разборка» адам өлімімен аяқталды

2 900 просмотра


Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында шолақ мылтықпен кісі өлтірді деп айыпталған 23 жастағы қала тұрғынына қатысты үкім шықты. 

Сот тергеуінде белгілі болғандай, осы жылдың 21 ақпанда таңертең жалдамалы пәтерде үш жігіт сөзге келіп, екеуі біреуін ұрып тастайды. Таяқ жеген Қ.О. сол күні кешке қасына досы Қ.М.-ді ертіп алып, өзіне күш көрсетушілерді Алмагүл ықшам ауданындағы «Бақ-Дәулет» сауда үйінің артқы жағына кездесуге шақырады. Сөйлесіп тұрған кезде, зорлықшылардың бірі Н.Б. қос ұңғылы, 16 калбирлі, қысқартылған аңшы мылтығымен Қ.М-нің жүрек тұсынан атып, қашып кетеді. Алған дене жарақаты салдарынан 25 жастағы жігіт ауруханаға жетпей қаза табады. 

Қылмаскер сотта өз кінәсін мойындамағанымен, сот оны ҚР ҚК 99 бабының 1 бөлігі (Адам өлтiру) және 287 бап 2-бөлігі  (ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп тауып, 12 жылға  қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде (қатаң режим) бас бостандығын айыру жазасын кесті. 

Фархат ӘБІЛОВ

28 қыркүйек 2018, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.