Қытайда ең көп сұранысқа ие актриса - 37 жастағы Фань Бинбин жоғалып кетті. Ол үш айдан бері туыстарымен хабарласпаған және онлайн шықпаған, деп хабарлады RTVI.
Актриса телефонға жауап бермейді, әлеуметтік желіге шықпайды. Оның қайда және тірі ме, жоқ па екені белгісіз. "Мұнша табынушысы, табысы, салмақты беделі бар адамның 2018 жылы, заманауи Қытайда - ашық Қытайда жоғалып кетуі, шын мәнінде бұл үлкен проблема", - деді колумнист Ши Шуси.
Журналистер актрисаның жоғалып кетуіне қатысты түрлі нұсқаны айтып жатыр. Олардың кейбірі Фань Бинбин салық төлеуден жалтарып жүр десті. Оның салық төлемегені биыл жазда белгілі болған. Актриса 50 фильмде ойнаған. Соңғы рет Бинбин көпшілік орынға 1 шілдеде шыққан, Интернетке 23 шілдеде кірген.
Актриса Қытайдың Коммунистік партиясының мүшесі және ол тәртіпті тексеру бойынша Орталық комиссияның тергеуіне түсіп қалуы мүмкін. Бұл қызмет жасырын жұмыс істейді және өзінің түрмесі мен тергеушілері бар. Актрисаның жоғалып кетуі АҚШ-та тұратын миллиардер Го Венгюймен байланыстырылып жатыр, ол Қытайдан қашып кеткен. Актриса екеуінің арасында байланыс бар деген мәлімет те жоқ емес.
Дереккөз: tengrinews.kz