Ресей Мемлекеттік думасы екінші оқылымда зейнеткерлік жасын ұлғайту туралы заң жобасын қабылдады. Жобаға сәйкес енді зейнетке шығу жасы әйелдер үшін 55-тен 60-қа, ал ерлер үшін 60-тан 65-ке дейін ұлғайтылды.
Зейнеткерлік жасы әр жыл сайын жарты жылға көбейіп, шара 10 жылға созылады. Ал еңбек өтілі бойынша әйелдерге 37, ерлерге 45 жастан шығуға болады. Бұдан бөлек көпбалалы аналардың да зейнеткерлікке ерте шығуы қарастырылған. Реформа сондай-ақ әскерилер мен полиция және арнайы қызмет өкілдеріне де ықпал етеді.
Сонымен қатар депутаттар зейнет жасы тақап қалған азаматты қызметтен босатуға қатысты қылмыстық жазаны қатаңдатты. Еске сала кетейік, биыл жазда Ресейдің ондаған қаласында осы заң жобасына қарсы наразылық шерулері өтті.
Дереккөз: 24.kz