Атырау, 29 қараша 16:31
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ұшақ бортында жанған смартфонның кесірінен әуе кемесі құлауға шақ қалды

1 375 просмотра


Аустралияға ұшып бара жатқан Qantas авиакомпаниясының ұшағында сынған смартфон жанып, бортында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Daily Mall газетіне сілтеме жасап. 

Бизнес-класс жолаушылары ұшақ қонғанға дейін екі сағат бұрын жанған резеңкенің иісін сезген. Тасымалдаушы өкілі мәлім еткендей, жолаушылардың бірі телефонын түсіріп алып, құрылғы орындықтардың ортасына қыстырылып қалады. 

Иесі креслоны орнынан жылжытқан кезде смарфон лап етіп жанған. Абырой болғанда ол жылдам сөндіріліп, дүрліккен жолаушылардың көңілі орнына түсті.

«Құрылғы сөндірілген бойда ұшқыш жедел орталыққа хабарласып, Мельбурнға ұшуын жалғастыра берді», - деді басылымға сұхбат беруші. 

Жолаушылардың айтуынша, екі жолсерік өрт сөндіргіштің көмегімен жалынды ауыздықтаған.

Дереккөз: inform.kz

27 қыркүйек 2018, 09:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.