Исатай аудандық прокуратурасы «Потенциал Ойл» ЖШС-нің заңсыз, жергілікті билік органдарының рұқсатынсыз Жанбай ауылының маңындағы карьерден 1000 текше метр құм өндіргеннің анықтады. Прокуратура ұйғарымы бойынша, кәсіпорынға 1,2 млн теңге айыппұл салынды, сонымен қатар, 3,8 млн теңге көлемінде зиян өндіріліп алынды.
- Қазір осындай фактілерді анықтау жұмыстары күшейтілді, - деп хабарлады Атырау облыстық прокуратурасы. – Экологиялық заңнамаға сәйкес, пайдалы қазбаларды өндіру рұқсат құжаттары негізінде ғана жүзеге асырылуы тиіс.
Фархат ӘБІЛОВ