Атырау, 29 қараша 16:57
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресей парламенті зейнет жасы туралы Путиннің ұсынысын мақұлдады

2 070 просмотра

"Левый фронт" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов Мемлекеттік дума алдында зейнетақы реформасына қарсы акция өткізіп тұр. Мәскеу, 26 қыркүйек 2018 жыл.
Ресей Мемлекеттік думасының депутаттары 26 қыркүйекте зейнетақы жүйесін реформалау туралы заң жобасына президент Владимир Путиннің енгізген түзетуін мақұлдады. Путин әйелдердің зейнетке шығу жасын әуелде үкімет ұсынғандай 63 емес, 60 жасқа ұлғайтуды ұсынған.

Мемлекеттік дума маңына таңертеңнен зейнетақы реформасына наразы тұрғындар жиналды. Олардың арасында "Левый фронт" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов пен белсенділер бар. Өткен сенбіде болған қарсылық акциясында Удальцов зейнетақы реформасына қарсы кампаниясын жалғастыра беретінін мәлімдеген.

Кеше Мемлекеттік дума зейнет жасына жақындап қалған адамдарды жұмыстан босатқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдаған. Жоба бойынша, зейнетке шығуына бес жыл немесе одан аз уақыт қалған адамдарды жұмыстан босатқаны үшін 200 мың рубльге дейін айыппұл салу немесе 360 сағатқа дейін жұмыс істеуге міндеттеу жазасы қарастырылған.

Шілдеде Ресей парламенті елдегі азаматтардың зейнетке шығу жасын ұлғайтуды, яғни әйелдер үшін - 63 жас, ал ерлерге - 65 жас деп белгілеуді көздейтін үкімет әзірлеген заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Үкімет реформасына қарсылық танытқан тұрғындар Ресейдің ондаған қаласында наразылық акцияларына шыққан. Қоғамдық сауалнама нәтижелері Ресей президенті Владимир Путиннің рейтингі күрт төмендегенін көрсеткен. Путин 29 тамызда өткен тікелей эфир кезінде әйелдердің зейнетке шығу жасын үкімет жоспарлаған сегіз жылдың орнына бес жылға ұзартуды және үш немесе одан да көп балалы аналарды зейнетке ертерек шығаруды ұсынған.

Дереккөз: azattyq.org

26 қыркүйек 2018, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.