Атырау, 29 қараша 16:34
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Түрікменстан 2000-ға жуық адамға рақымшылық жасады

1 206 просмотра


Түрікменстан үкіметі 1700-ден астам адамға рақымшылық жасап, 700-ден астам адамға азаматтық берген. Бұл жөнінде ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Baq.kzақпарат агенттігі.

Түрікменстан үкіметінің кеңейтілген отырысы Халық мәслихаты отырысының ашылуы өтетін күні (Халық кеңесі) болды. Бірақ халық кеңесінің отырысы белгісіз себеппен өтпей қалды.

Мұның орнына дүйсенбі күні Түрікменстанның мемлекеттік телеарналары министрлер кабинетінің отырысынан хабар таратты. Онда 1722 адамға рақымшылық жасалғаны және 740 адамға Түркіменстан азаматтығын беру жөнінде шешім қабылданғаны айтылған.

Орталық Азия елдері арасында адам санына шаққанда ең көп тұтқын Түрікменстанда. Бірақ соңғы жылдары авторитар басшы Гурбангулы Бердімұхамедов рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Ол соңғы рет биыл мұсылмандардың Рамазан айындағы Қадір түні құрметіне 611 сотталушыға рақымшылық жасаған.

Бірақ мұндай рақымшылықтарға әдетте саяси себеппен сотталған тұтқындар ілікпейді.

Дереккөз: Baq.kz

26 қыркүйек 2018, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.