Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АҚШ Ресейдің 12 компаниясы мен кәсіпорнына санкция салды

2 182 просмотра


АҚШ Сауда министрлігі "АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне зиян келтіреді" деп Ресейдің 12 компаниясы мен кәсіпорнына қарсы санкция салды. Санкция салынған ұйымдардың АҚШ-тан экспортқа шығаруға бақылау қойылған кез-келген тауар мен технологияны сатып алуына тыйым салынады. АҚШ Федералдық реестр сайтында жарияланған құжат бойынша, жаңа санкция 26 қыркүйекте күшіне енеді.

Жаңа санкциялар сонымен қатар ресейлік фирмаларға тыйым салынған америкалық тауарды жеткізген әлемдегі кез-келген ұйымға да қолданылады.

Кибершабуыл жасағаны үшін санкция салынғандар қатарында "Вектор" ғылыми-зерттеу институты, "Гамма" ғылыми-өндірістік кәсіпорны, "Сайрус Системс" фирмасы мен "Инфотекс" компаниялар тобы бар.

Ресей әскери-теңіз күштеріне құрал-жабдық жеткізгені үшін суасты жұмыстарына арналған технологиялар жасайтын "Океанос" кәсіпорны мен "Дайвтехносервис" компаниясына санкция салынды. Биыл маусымда АҚШ "Дайвтехносервисті" Ресей арнайы қызметіне суасты жұмыстарына арналған, АҚШ пен Еуропаны байланыстыратын коммуникацияға қарсы қолданылуы мүмкін құрал-жабдық берді деп айыптаған.

Ресейдің әскери аэроғарыш саласын қолдағаны үшін "Аэрокомпозит" компаниясы, "Технология" кәсіпорны, "Авиадвигатель" конструкторлық бюросы мен "Вега" ғылыми-зерттеу институты "қара тізімге" енгізілген.

Иранның зымыран бағдарламасына материалдық көмек көрсеткені үшін Nilco Group компаниялар тобы да санкцияға ілінді. Бұл компанияның Мәскеу, Минск және Тегеранда кеңселері бар.

Дереккөз: azattyq.org

26 қыркүйек 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.