Мыңдаған Либерия тұрғыны Монровия көшелерінде наразылық шеруіне шықты. Олар 104 миллион долларды орталық банкке қайтаруды талап етіп отыр.
Либерияның ақпарат министрі Ойгене Нагбенің мәлімдеуінше, шетте басылып, пошта арқылы орталық банкке жіберілген ақша банкноттары орта жолда қолды болып кеткен.
Өткен жұма күні президент Джордж Веа қаржыны қолды қылғандар жазаға тартылатынын мәлімдеп, халықты сабырға шақырған еді. Алайда халықтың бұған илана қояр жайы жоқ сыңайлы. Себебі, аталған қаржы мөлшері Либерияның бір жылдық жалпы ішкі өнімнің 5 процентін құрайды.
Хоратио Гоулд, альтернативтік ұлттық конгресс партиясының төрағасы: - Либериялықтардың ашуға булыққаны түсінікті жағдай. Алайда бұның саясатқа еш қатысы жоқ. Түптеп келгенде, адамдардың ойында тек тіршілік етудің қамы ғана. Халықты жайын жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарай алмаймыз.
Дереккөз: 24.kz