Атырау, 10 қазан 00:04
 дождьВ Атырау +16
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

​Перуде автобус құзға құлап, 20-дан астам адам қаза тапты

1 623 рет қаралды


Жол апаты елдің оңтүстік-шығысындағы Чумбивилкас провинциясында болған. Перу жолдарының бірінде келе жатқан жолаушылар автобусы құзға құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Canaln телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна таратқан мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні кешке болған. Бастапқыда 7 адамның қайтыс болғаны жайлы айтылған еді. Бүгін құрбандар саны 23-тен асты. Автобус Чумбивилкас провинциясының таулы аймағындағы жолда келе жатып, құзға құлаған. 

Құздың осы маңдағы тереңдігі - шамамен 200 метр. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатына автобустың басқа көлікпен соқтығысуы себеп болған. Аталған көлік автобус құлап кеткен соң оқиға орнынан кетіп қалған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Дереккөз: inform.kz

26 қыркүйек 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.