Атырау, 29 қараша 16:46
 ашықВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Швеция премьер-министрі қызметінен босады

958 просмотра


Швеция парламентінде оңшыл фракция депутаттары бірігіп Стефан Лёвеннің премьер-министр қызметін одан әрі атқаруына қарсылықтарын білдірді. Сөйтіп вотум қабылдаған 349 депутаттың 204-і дауыс беріп, Стефан Лёвенді отставкаға жіберді. 

Олардың пікірінше, 9 қыркүйекте өткен сайлау кезінде Социал-демократтық партия көпшілік дауысқа ие бола алмаған. Осыған қарамастан Лёвен өз еркімен отставкаға кетудің орнына қызметін жалғастыра берген. 

Енді үкімет басшысының орнына парламенттегі фракциялардың өкілдерін ұсынуға келіссөздер бейсенбі күні басталады.     

Дереккөз: 24.kz

26 қыркүйек 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.