Атырау, 29 қараша 17:53
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Үндістандағы қалың қар: 45 адам із-түссіз жоғалды

1 901 просмотра


Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында қалың қар жауып, соңы жаңбырға ұласқан. Салдарынан кем дегенде 45 адам, соның ішінде Рурки қаласындағы технологиялық институттың 35 студенті із-түссіз жоғалған. 

Әлемде 283 млн адам маскүнемдіктен зардап шегіп отыр Теңізге ыққан жасөспірім 49 күннен кейін құтқарылды Иранда жаңа оқу жылы басталды  

Сейсенбі күні NDTV телеарнасы хабарлағандай, бұдан бұрын студенттер Лахул ауданындағы таулы жерге сапарға шыққан, бірақ, дүйсенбі күні штатта қар аралас жаңбыр жауған. Қазіргі таңда Үндістанда муссондар маусымы жүріп жатыр. 

Ол маусым айынан қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Биыл муссондық жауын-шашын өте күшті болып отыр. Соның салдарынан оңтүстік-батыстағы Керал штаты зардап шегіп, 445 адам ажал құшқан. Ал 1,4 млн адам су тасқынына байланысты уақытша үйлерін тастауға мәжбүр болды. 

Дереккөз: inform.kz

25 қыркүйек 2018, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.