Атырау, 2 мамыр 19:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

​АҚШ Ресейдің Сирияға зымыран кешенін жеткізу жоспарын құптамады

1 494 рет қаралды


АҚШ Ресейдің Сирияға әуе шабуылына қарсы С-300 зеңбірек-зымырандық кешенін жеткізу жоспарына қатысты ұстанымын білдірді. 

Президент Дональд Трамптың Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон Мәскеудің мұндай әрекеті аймақтағы ахуалды шиеленістіре түсетінін жеткізді. Болтон мұндай мәлімдемені Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында жасады. Ол сондай-ақ Ресей осындай жағдайды ескеріп, өз шешімін өзгертетініне үмітті екенін білдірді. 

Ал ресми Дамаск С-300 әуе қорғанысы кешені Израиль күштерінің әрекетінен қорғану үшін қажет екенін айтып отыр. 

Дереккөз: 24.kz

25 қыркүйек 2018, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.