Атырау, 17 желтоқсан 22:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Қырғызстан экс-вице-министріне қатысты дау: Жаңа деректер шықты

1 243 рет қаралды


Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Кореядағы елші Қылышбек Сұлтанды дипломатиялық этиканы бұзды деп айыптап отыр. Елшінің қырғызстандық шенеунік Зууракан Каденованың рейстен қалай шығарылғаны жайлы мәлімет таратқаны айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Cенбіде БАҚ-тарда Қырғызстан еңбек және әлеуметтік даму министрінің бұрынғы орынбасары Зууракан Каденованың Сеул-Алматы бағыты бойынша ұшқан"Эйр Астана" бортында жанжал шығарғаны жайлы мәлімет тараған болатын. 22 қыркүйекте Зууракан Каденова "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшақ бортында жанжал шығарғаны белгілі болды. Оқиға Сеул - Алматы - Бішкек рейсінде болған. Мәлімет бойынша, әйел адам мас болған дәне бортсеріктерге айғайлаған. 

Сол күні Қырғызстан премьер-министрі шенеунікті жұмыстан босатқан еді. Ал дүйсенбіде Кореядағы елші Қылышбек Сұлтан Бішкекте баспасөз мәслихатын өткізіп, министрдің орынбасары болған дауға пікір білдірген. Ол Қырғызстан президенті әкімшілігінен шенеунікке қатысты даудың мән-жайын айтпау туралы өтініштің келгенін айтқан.  

Осылайша Қырғызстанның СІМ өкілдері елшіні мемлекеттік қызметтің ережелері туралы заңнаманы, сондай-ақ, димломатиялық этиканы бұзды деп айыптап отыр. Ведомство өкілдері елшінің өзінің тарапынан да қызметтік ереже бұзушылықтары туралы мәліметтердің бар екенін және олардың қажетті органдарға тексеріс үшін жолданатынын айтып өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 қыркүйек 2018, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.