Атырау, 26 сәуір 08:54
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Instagram авторлары компаниядан кететінін мәлімдеді

960 просмотра


Instagram әлеуметтік желісін ойлап тапқан Кевин Систр мен Майк Кригер таяуда компаниядан кететінін мәлімдеді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Майк екеуміз Instagram-да өткізген сегіз жылға және Facebook командасымен өткізген алты жыл үшін алғыс айтамыз... Қазір біз өміріміздің басқа бір жаңа кезеңіне дайынбыз", - делінген Кевин Систрдің Instagram желісінегі жазбасында. 

Оның айтуынша, сервис құрастырушылары тағы бір креатив дүние ойлап табу үшін демалуды жоспарлап отыр. New York Times газетінің мәліметінше, Facebook пен Instagram сервистерінің өкілдері әзірше олардың бұл шешіміне қатысты пікір білдірген жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 қыркүйек 2018, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.