Атырау, 29 қараша 17:45
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ресей Сирияға С-300 кешенін жеткізбек

1 235 просмотра


Ресей таяу арада Сирияға ПВО С-300, яғни әуеден қорғаныс кешендерін жеткізетін болады. Бұған Сирия жерінде ИЛ-20 барлау ұшағының құлауы түрткі болды. Естеріңізге сала кетсек, қыркүйектің 17 күні Сирияда ресейлік ИЛ-20 барлау ұшағы атып түсіріліп, борттағы 15 адам қаза болды.

Әуе көлігіне сириялық ракета тигенімен, Мәскеу кінәні Израильге артты. Ал Израил тарабы бұл апатқа еш қатысы жоғын айтады. Жалпы Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуынша, С-300 кешенін Дамаскіге жеткізу бұдан 5 жыл бұрын жоспарланған. 

Енді Сирия әскерінің командалық бекеттері Ресейдің қарулы күштері ғана қолданып келген автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталмақ. 

Сергей Шойгу, РФ қорғаныс министрі: 

– Бұл Сириядағы әуе қорғанысының барлық қарулы күштері мен құралдарын басқаруды қамтамасыз етпек. Сондай-ақ әуедегі жағдайды бақылап, бұйрықтарды бұлжытпай дәл орындауға мүмкіндік береді. Ең бастысы Сирияның әуе қорғаныс кешені енді барлық ресейлік әуе кемелерін айна-қатесіз танитын болады.

Дереккөз: 24.kz

25 қыркүйек 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.