Атырау, 29 наурыз 03:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

БАҚ: Гонконгте Қытайдан бөлінуді қолдайтын партияға тыйым салынды

1 152 просмотра


Гонконг билігі аймақтың Қытайдан бөлінуін қолдайтын Ұлттық партияға тыйым салды. Бұл туралы 24 қыркүйекте Guardian газеті жазды. Гонконгтың қауіпсіздік мәселелері жөніндегі министрі Джон Ли бұл партия "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінін" мәлімдеді.

Ұлттық партия 2014 жылы Қытайдың Гонконгтегі жергілікті сайлауға бақылау орнату жоспарына қарсы толқулар кезінде пайда болған. Енді бұл партияға кіргендерге айыппұл салынады немесе бір жылға дейін түрмеге жабылады. Екінші рет заң бұзғандарға екі жылға дейін түрмеге жабу жазасы кесіледі.

Партия жетекшісі Энди Чан ұйымға тыйым салу туралы ресми шешім шықпайынша жағдайға қатысты комментарий беруден бас тартты. Бұған дейін Reuters агенттігіне берген сұхбатында ол "еркіндік, адам құқықтары, теңдікке қол жеткізуге" ұмтылған қызметінен бас тартпайтынын мәлімдеген. Тамыз айында ол Гонконгтың "еркіндігі мен автономиясына қол сұққаны үшін" Қытайға қарсы санкция салуға шақырған.

Guardian басылымының дерегінше, Ұлыбритания Гонконгті Қытайға қайтарған 1997 жылдан бері аймақта партияға бірінші рет тыйым салынып отыр. Ұлыбритания Гонконгті Қытайға аймаққа кең құқық пен автономия беру туралы шартпен қайтарған. Гонконгтің өз заңы, сайлау жүйесі бар, аймақта сөз бостандығы мен адамдардың жиналу еркіндігі құрметтеледі.

Дереккөз: azattyq.org

24 қыркүйек 2018, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.