Атырау, 17 желтоқсан 22:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Грузияда ел президенттігіне 25 адам таласады

1 693 рет қаралды


Грузияда ел президенттігіне үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды. 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген 46 үміткерден 25-і ресми түрде тіркелді. Бұл жөнінде жексенбі күні брифингте Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-спикері Анна Микеладзе мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат 

«Грузия жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап. 25 үміткердің 19-ы саяси партиялар, 6-уы бастамашы топтардың атынан қатысуда. Сайлауға қатысуға рұқсат алу үшін президенттікке әрбір үміткер кем дегенде 25 923 сайлаушының қолын жинауы тиіс. 

«Заңнамаға сәйкес, президенттікке тіркелген үміткер сайлауға 12 күн қалғанға дейін (16 қазанды қосқа алғанда) ОСК-ға жазбаша өтініш беріп, өз кандидатурасын алып тастай алады. Аталған мерзім аяқталған соң барлық үміткерлер сайлау бюллетеньдеріне енгізілетін болады», - деді Микеладзе. 

ОСК-ға тіркелу үшін барлығы 46 субъект өтініш білдірген: 26-ы бастамашы топтардан, 20-ы саяси партиялардан. 21 үміткерді тіркемеуге әртүрлі құқықтық негіздер себеп болған.  

Дереккөз: inform.kz

24 қыркүйек 2018, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.