Атырау, 29 қараша 17:54
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​​Ливияда қақтығыс кезінде 115 адам қаза тапты

1 610 просмотра


Ливияның Триполи қаласындағы қарулы қақтығыстардан қаза тапқандардың саны артып, 115-ке жетті. Тағы 500-ден астам адам жарақат алды. Мерт болғандардың көбі бейбіт тұрғындар. Бұл туралы шаһардағы аурухана өкілдері мәлімдеді. 

Бұған дейін 66 адамның қаза тапқаны хабарланған. Еске сала кетейік, Триполи қаласындағы қақтығыс тамыздың 26-сынан бері жалғасып келеді. Ұрыс ұлттық келісім үкіметі құрылымдаған қорғаныс министрлігіне қарасты «7-жаяу бригада» мен ішкі істер министрлігінің «Суар Триполи» деп аталатын жасақтары арасында жүріп жатыр. Қарулы топтар екі бөлек шаһарда жасақталған. Қақтығысқа осы жағдай себеп болуы мүмкін. Айта кетейік, Ливиядағы азаматтық соғыс 7 жылдан бері жалғасып келеді. 

Дереккөз: 24.kz

24 қыркүйек 2018, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.