Атырау, 18 мамыр 16:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бүгін Иранда ұлттық аза тұту күні жарияланды

1 878 просмотра


Мемлекетте теракт өткен сенбі күні болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 28 адам қаза тауып, тағы 60 адам зардап шекті. Иран билігі Ахваз қаласында әскери парад кезінде 28 адамның өмірін қиған терактіден кейін дүйсенбіні ұлттық аза тұту күн деп жариялады.

"Иран Ислам Республикасының билігі Хузестан ауылынан шыққан ержүрек адамдарға және қаза тапқандардың отбасылары мен жапа шеккендерге көңіл айтып, олардың жерленетін күнін (24 қыркүйек, 2018 жыл, дүйсенбі) ұлттық аза тұту күні деп жариялайды", — делінген мәлімдемеде. 

Теракт сенбі күні Иранның Ахваз қаласында 1980-1988 жылдардағы Иран мен Ирак соғысына арналған парад кезінде болды. Шерудің қызған шағында террористер тобы адамдарға оқ жаудырды. Шабуыл үшін жауапкершілікті "Ахваздағы патриоттық араб демократиялық қозғалысы" алды. Соңғы мәліметтер бойынша, теракт кезінде 28 адам қаза тауып, тағы 60 адам зардап шекті.

Дереккөз: sputniknews.kz

24 қыркүйек 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.