Атырау, 29 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Малайзияның экс-премьеріне тағы да айып тағылды

1 532 просмотра


Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың басы дауға қалды. Оған «мемлекеттік инвестиция қорынан қаржы жымқырды» деген айып тағылып отыр. Бірақ Разак өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, экс-премьерге қатысты істі тергеу 2015 жылдан бастап бірнеше елде жүргізілген еді. Мамандар келтірген дерек бойынша 2011 және 2017 жылдар аралығында бұрынғы үкімет басшысы 4,5 миллиард долларды қалтасына басқан.

Осы жанжалдан кейін Разак басқаратын коалиция мамыр айындағы сайлауда жеңіліс тапты.Шілде айының басында экс-премьер бостандыққа шығарылған еді. 

Бірақ кеше Малайзияның жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының қызметкерлері саясаткерді қайтадан тұтқынға алды.

Дереккөз: 24.kz

21 қыркүйек 2018, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.