Ресей тұрғындарының саны 2018 жылдың қаңтарынан бастап 0,063 пайызға кеміді. Росстаттың сәрсенбі күні жариялаған мәліметтері бойынша елде 146,8 млн адам тіршілік кешуде, деп хабарлайды ТАСС.
«2018 жылдың 1 тамызында Ресейдің тұрғылықты халқының саны 146,8 млн адамды құрап, жыл басынан бері 91,9 мыңға немесе 0,063 пайызға азайды»,- делінген хабарламада.
Ал өткен жылдың осындай кезеңінде тұрғындардың саны 5,3 мыңға артқаны немесе 0,004 пайызға көбейгені байқалған. Сондай-ақ 2018 жылдың қаңтар-шілде аралығында 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Ресейде өмірге келгендердің саны (83 субъектіде) кемігендігі атап өтілген. Ал керісінше өмірден озғандардың саны (54 субъектіде) артқандығы байқалды», деп атап өтеді Росстат.
Дереккөз: inform.kz