Атырау, 25 желтоқсан 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

80 жыл да өткен жоқ

2 398 просмотра

Ғашықтар үшін жаңа орын пайда болды: бірнеше күн бұрын Атырауда «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаңда ашық аспан аясында автокинотеатр ашылды.

Оның қожайыны Замир ДОСМАИЛОВТЫҢ айтуынша, біздің қаламыз Қазақстанда осындай көрсетілім ұйымдастырылған төртінші қала екен.

– Біз күніне екі фильм көрсетеміз. Сағат 22.00-де комедия, ал тура түн ортасында ғашықтар үшін арнайы романтикалық фильм көрсетіледі, - дейді З. Досмаилов. - Әр аптада репертуар жаңартылып тұрады. 

Экран матасының көлемі – 12 де 6 метр. Киноны тек қарап емес, тыңдау үшін машинада міндетті түрде радио қызметі бар автомагнитола болуы тиіс. Көлік қояр алдында көрермендерге дыбыс берілетін толқынды хабарлайды.

– Түпнұсқа тілінде Голливуд фильмдерін көрсетесіздер ме?

– Қаламызда шетелдіктер көп болғандықтан, біз оларға қол ұшын бере аламыз. Егер сұраныс болса, ұсыныс та болады деген бар ғой. Егер өтінім жеткілікті болса, аптасына бір рет болса да осындай көрсетілім ұйымдастыра аламыз.

Айта кетелік, алғашқы кинотеатр 1933 жылы АҚШ-та пайда болды. Фильмді тамашалағаны үшін төлемақы екі түрде жүргізілді: көрермендер кіргені үшін 25 цент, көлікті қойғаны үшін 25 цент төледі. Рас, артқы қатарларда дыбыс есту қиын болды, ол кезде колонкалар экранның жанында тұратын.

Анастасия ПАСТУХОВА

26 шілде 2012, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.