Атырау, 29 қараша 18:27
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ил-20 ұшағын cириялықтар атып түсірген - Ресейдің Қорғаныс министрлігі

1 460 просмотра


Ресейлік Ил-20 ұшағын Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесінің C-200 зымыран кешені атып түсірген. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ил-20 ұшағын сириялық С-200 зымыран кешені атып түсірді, - деп хабарлады Конашенков. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Ил-20 ұшағында болған 15 адам қаза тапты. 

Еске сала кетейік, мұның алдында БАҚ өкілдері ресейлік әскери ұшақты сириялықтар ұшырып түсірген болуы мүмкін екені жайлы хабарлаған  еді. Ил-20 ұшағы 17 қыркүйекте кешкі уақытта жоғалып кеткен болатын. Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарламасында ұшақтың Мәскеу уақыты бойынша сағат 23.00-де Сирия маңында жоғалып кеткені айтылады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөзіне қарағанда, осы сәтте Израильдің төрт F-16 жойғышы Сириядағы нысандарға шабуыл жасаған.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қыркүйек 2018, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.