Атырау, 29 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Идлиб аумағындағы шабуылдар уақытша тоқтатылады

1 665 просмотра


Сочиде кездескен Ресей мен Түркия президенттері Идлиб провинциясында буферлік аймақ құру туралы келісімге келді. Бұл – Башар Асад күштерінің Идлиб аумағына шабуылы уақытша тоқтатылады деген сөз. 

Қазан айының 15-не қарай Идлибдің 15-20 шақырымды құрайтын аумағы қарусыз жерге айналмақ. Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, қазанның 10-на дейін өңірден ауыр қару-жарақ техника шығарылу керек. Аймақты Түркия мен Ресей әскерлері күзететін болады. Айта кетейік, қос ел басшысы Сочиде өткен кездесуде Идлиб провинциясындағы жағдайды, өкіметтік күштердің осы аймаққа жоспарланған шабуылдарын жан-жақты талқыға салды. 

Сирияның солтүстік-батысындағы Түркиямен шекаралас Идлиб елді мекені президент Башар Асадтың ұстанымына қарсы күштердің ақырғы маңызды орталықтарының бірі болып саналады. Қазір Идлибте БҰҰ-ның есебі бойынша үш миллиондай адам өмір сүріп жатыр. Олардың 1,5 миллионы – Сирияның өзге де аймақтарынан келгендер. Провинцияда «Ал-Каидаға» қатысы бар «Жабхат ал-Нусра» тобының 10 мыңдай жауынгері бар. 

Владимир Путин, Ресей Президенті: 

– Түркия президентінің ұсынысы бойынша, қазан айының 10 жұлдызына қарай Идлиб провинциясынан оппозициялық топтардың танктерін, минометтер мен өзге де қару-жарағын шығару жоспарланып отыр. Ортақ шешім бойынша, бұл әрекет Сириядағы жағдайды тұрақтандыруға оң ықпалын тигізеді. Және Сирия Араб Республикасы бұл іске қолдау көрсетіп отыр. Бұл мәселені әлі бүге-шігесіне дейін талқылаймыз.  

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті: 

– Идлиб мәселесіне қатысты қабылдаған шешіміміз Путин мырзамен пікіріміз бір екенін айқын көрсетеді. Астана процесіндегі талқылауларға да сәйкес келеді. Бірлесе отырып, сырттан келетін арандатушылыққа қарсы тұрамыз. Буферлік аймақтың шекаралары қатаң күзетіліп, бақылауда болады.

Дереккөз: 24.kz

18 қыркүйек 2018, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.