Атырау, 17 желтоқсан 20:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Еуропа орталық банкі жаңа €100 және €200 банкноттарын шығарды

1 593 рет қаралды


Еуропа орталық банкі (ЕОБ) жаңартылған €100 и €200 банкноттарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Археологтар Мысырдың оңтүстігінен тағы бір сфинксті тапты Брюссель неге автокөліксіз қалды АҚШ-тың экс-президенті Рейганның үйі $6,45 млн сатылды Бұл қағаз ақша бұрынғыларына қарағанда қорғаныш жүйесі  едәуір жақсартылған, дизайны мен көлемі өзгеше. Сондай-ақ ұзақ мерзімге қолданылатын болады. 

Аталмыш ақша белгілері 2019 жылы айналымға түседі, деп мәлім етті ЕОБ сайты. €100  және  €200  банкноттарының беріктігін жоғарылату үшін €50 номиналы тәрізді етіп жасалған әрі көлемі де тап сондай. Бұл өзгерістер енді ақша  белгілері бірдей болғандықтан банкоматтардың жұмысын да жеңілдетпек. Купюраны жарыққа тосып қарағанда ерекше белгі - ежелгі грек мифологиясындағы  батыр әйелдің портреті анық көрінеді. Купюраның түсі сақталған - €100  банкноты жасылдау, ал €200  сарғылт - қоңырлау.

Дереккөз: inform.kz

18 қыркүйек 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.