Атырау, 29 қараша 18:28
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Эфиопия мен Эритрея бейбіт келісімге қол қойды

1 683 просмотра


Эфиопия мен Эритрея 20 жылғы даудан соң бейбіт келісімге қол қойды. Ресми жиын Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтті. Салтанатты кездесуге мемлекет басшыларынан бөлек БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриш қатысты. 

Оның айтуынша, бұл «екі африкалық ел үшін қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін» тарихи құжат болмақ. 

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас Хатшысы:

- Мұндай тарихи оқиғаның куәгері болғаныма қуаныштымын. Эритрея президенті мен Эфиопия премьер-министрінің бейбіт құжатқа қол қоюы шынымен көптен күткен оқиға. Бірнеше онжылдыққа созылған шекара шиеленісіне нүкте қойылды. 

Айта кетейік, шілде айында Эфиопия мен Эритрея сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты реттейтін декларацияға қол қойған еді. Ал, бір апта бұрын екі ел 20 жылдан бері алғаш рет шекараларын ашты. Еске салсақ, Эфиопия мен Эритрея арасындағы қарулы қақтығыстар соңғы рет 1998 жылы орын алды. Салдарынан 10 мыңнан аса адам қаза тапқан болатын.

Дереккөз: 24.kz

17 қыркүйек 2018, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.