Ресейдің Сүт комбинатына Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне өз өнімдерін жеткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Россельхознадзордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұзушылықтар анықталғаннан кейін Россельхознадзор «Озерецкий Молочный Комбинат» ЖАҚ-қа ЕАЭО елдеріне өнімдерін жеткізуге тыйым салып отыр. Себебі қайта тексеру барысында сары май мен қаймақтың құрамынан өсімдік майы мен майлар табылған», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Россельхознадзордан түсіндіріп кеткендей, мәселе кәсіпорын өнімінің Кедендік одақтың реестріне және ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық талаптарына сәйкес болмауында.
Дереккөз: Baq.kz